04.11.2019, 07:32

Ақтауда 40 млн жыл бұрын өмір сүрген акула табылды (ФОТО)

Фото: укроп.org
Владимир Ярцев ұзындығы 70 см болатын қаңқаны 19 қазан күні тапқан. Оны жерден шығарып алу да оңайға түспеген. Ғалым сүйек кіріккен тастың үстіне арнайы желім құйған.

Ақтаулық танымал палеонтолог Владимир Ярцев зерттеу нәтижесінде Маңғыстау аймағынан 40 млн жыл бұрын тіршілік еткен акуланың қаңқа сүйектерін тапқан. Ежелгі жыртқыш балық туралы тың мәліметтерді де өзінің Instagram парақшасында мәлімдеп, суреттерін жүктеді, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы. 

Владимир Ярцев ұзындығы 70 см болатын қаңқаны 19 қазан күні тапқан. Оны жерден шығарып алу да оңайға түспеген. Ғалым сүйек кіріккен тастың үстіне арнайы желім құйған. Палеонтолог сәтін салғанда қаңқаларды зертханасына уақытында алып кеткен. Өйткені толассыз жауған жаңбыр оларды құртып жіберетін еді. Сондай-ақ маман акуланың тістері бейнеленген кадрларды жариялады. 

Дереккөз: SkifNews.kz

Тегтер: Ақтау