08.11.2019, 07:15

Еліміздегі ақшалай аударымдар тексеріледі

Kaspi банкінің ғана емес, барлық екінші деңгейлі банктер арқылы аударылатын электронды ақшаның бір бөлігіне салық салу жоспарланып отыр.

Қаржы министрлігі салықтан жалтарған кәсіпкерлерді анықтау үшін қазақстандықтардың ақшалай аударымдарын тексереді.

Бұл туралы бүгін бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты, – деп хабарлайды Qamshy.kz. 

Вице-министрдің айтуынша, "Егер адам кіріс алатын болса, электронды түрде жүргізілетін процедураларға салық салынуы тиіс. Егер ол адамның табысы болса. Салық мөлшері әртүрлі. Мәселен, егер ол жеке кәсіпкер болса, онда жеке табыс салығы, егер заңды тұлға болса, корпоративті табыс салығы, қосымша құн салығы және тағы басқалары".

"Мәселен, егер сіз коммуналдық есепшотты төлесеңіз, оны тексеруге болады ғой. Аталған қаржыны алушы бар. Оған Салық комитеті мониторинг жүргізеді. Егер әртүрлі жеке тұлғалардан төлем түсетін болса, онда ол адам кенеттен 1 мың теңгеден ала бастады деген мәселе туындайды. Оның кіріс алып жатқандығы да түсінікті. Ал сіз әкеңізге ақша жіберсеңіз, оның кіріс еместігі түсінікті", – дейді  Шолпанқұлов.

Одан өзге, ол адамдардың науқасқа ақша жинау мақсатында қаражат аударымдарына қатысты мәселенің басын ашып берді. 

"Мұның барлығы артынан тексеріледі. Салық қызметі тексеретін болады. Төлем мәртебесі енгізіліп қалар. Мәселен, ақша аударымы тауарға немесе қайырымдылыққа аударылды деген сияқты. Яғни, саралау жүргізілуі тиіс, барлық төлемдер белгіленіп отыруы қажет. Егер жақынын қолдауға аударса, бір түрі, тауар сатып алса, басқа түрі, түбіртек алмайсыздар ғой. Ол ескі велеосипед саттың ба, бірден бізде салық дегендей болмайды", – деп мәлім етті. 

Сенат кулуарында министрлік төлем статусын енгізуді жоспарлап отыр. Яғни, төлем түрлеріне атау берілетін болады.

Тегтер: салық төлем