Мәскеу полициясы «Росбалт» агенттігінің журналисті Александр Шварев ресейлік кәсіпкер Әлішер Усманов туралы жалған ақпарат таратып, қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевті бопсалады деп айыпталды, деп хабарлайды Qamshy.kz, interfax.ru-ға сілтеме жасап.
Қорғаушылардың айтуынша, тергеу журналистің қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевтен шындыққа жанаспайтын мәліметтерді алып тастау үшін 50 000 доллардан астам ақша беруді талап етіп, ресейлік кәсіпкер Әлішер Усманов туралы жалған ақпарат таратқан деп санайды.
Ал «Кеңес Рақышевтің баспасөз қызметіндегі аноним қызметкер бір сайтқа Рақышев туралы материалдарды алып тастау қажеттігі туралы жазыпты. Оған жауап ретінде «белгісіз тұлғалардан» бұл қызметке ақы төлеу қажеттігі туралы хабарлама келген», – деп сендіреді Шварев.
Қазіргі таңда адвокаттар журналистің Латвияда емделіп жатқанын айтады. Келесі дүйсенбіде сот аталмыш іске байланысты сырттай қамауға алу мәселесін қарастырмақ. Қорғаушы Шваревке тағылған айыптар ұзаққа созылмай, айыптау үкімі шығарылды дейді. Ал журналист өзіне тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарады.
Еске салсақ, Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев – Ресейдің Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы. Қазіргі таңда Бокс федерациясының басшысы.
Қазақстандық Forbes журналы Рақышевтің байлығын 610 миллион долларға бағалайды. Басылымның мәліметінше, Рақышев Fincraft Investment House (бұрынғы БТА Секьюритиз деп аталады), Fincraft Resources өндірістік холдингінің (бұрынғы SAT & Company) бақылау пакеті, Standard Standard компаниясы, NetElement финтех компаниясы және Ресейдің алтын өндіруші компаниясындағы акцияларға иелік етеді. Сонымен қатар, кәсіпкер 2015 жылдан бері Қырғызстан, Беларусь және Украинадағы бірдей атаулы банктерге ие БТА Банкінің 98 пайыз акцияларына иелік етеді.