16.11.2019, 21:51

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтап, бауырлас Қырғызстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" басылымы

Мемлекеттер басшылары екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған мемлекеттік сапары және Жоғары мемлекетаралық кеңестің 5-отырысына дайындық барысы қарастырылды.