ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нұртай Әбіқаевты Елбасы Сенат депутаты етіп тағайындады. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев Әбіқаевты зейнет жасына келгендіктен қызметінен босатқандығын айтты. Енді ол біраз уақыт заң қараумен айналысатын болады.
Айта кетейік, Нұртай Әбіқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін 1998 - 1999 жылдар аралығында басқарған болатын. Мұнан кейін ол 2010 жылы осы лауазымға қайта тағайындалған. Еңбек жылдарында Әбіқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстанның Ресейдегі тілшісі, Парламент Сенатының төрағасы, Президент әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды.