$ 443.85  474.3  4.8

Жемқорлықпен күрес қоры Путинді сотқа берді

Навальныйдың айтуынша, Жемқорлықпен күрес қорына жер-жерде қысым қатты жасалып жатыр.
Фото: kommersant.ru
Фото: kommersant.ru

Жемқорлықпен күрес қоры Ресей президенті Владимир Путинді сотқа берді. Мұны қорды құрған Александр Навальный өзінің сайтында жариялады, деп жазады Nege.kz.

Арыз иелері «Путинді қордың ісіне қатысты процестегі әрекетсіздігіне және конституциялық құқық өрескел әрі жүйелі түрде бұзылып жатқанына айыпты» деп есептейді.

Навальныйдың айтуынша, Жемқорлықпен күрес қорына жер-жерде қысым қатты жасалып жатыр. «Қысымның ауқымына қарап-ақ, мұның бәрі президенттің пәрменімен жасалып жатқанын аңдауға болады» дейді Навальный.

Кеше Мәскеудің Тверь соты талап арызды тіркеп, «өндіріске алу мәселесі жуық арада шешіледі» деп жауап беріпті.

Естеріңізге сала кетейік, А.Навайльный басқаратын қор Ресей билігіндегі жемқорлар жөнінде жиі зерттеу жариялайды. Мәселен, соңғы зерттеулерінің бірі – Роскосмос пен оның басшысы Дмитрий Рогозинге арналған.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары