$ 494.87  520.65  4.91

«Ғимараттың алдына екі сиыр байлап қойыпты»: Бекболат Тілеуханның келіні Тоғжан Қожалиева Алматыда жиын өткізді

«Назарбаев асыра деген екі сиыр ғой, далада жаурап қалмас үшін ішке кіргізейік» деп ұйымдастырушылар екі сиырды жиын өтіп жатқан залға жетектеп кірді де, кіреберіске байлап қойды.
Фото: zhasalash.kz
Фото: zhasalash.kz

Кеше Алматыда азаматтық бастамалардың Real Haq Alany жалпыұлттық конгресі өтті. Жиынды таяуда партия құратынын мәлімдеген «Халыққа адал қызмет» азаматтық қозғалысының жетекшісі, кей баспасөз Бекболат ТІЛЕУХАННЫҢ келіні деп таныстырып жүрген Тоғжан ҚОЖАЛИЕВА ұйымдастырды, деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы Жас Алаш басылымына сілтеме жасап. 

Жиын өтіп жатқан ғимараттың алдына ұйымдастырушылар екі сиыр байлап қойыпты. «Назарбаев асыра деген екі сиыр ғой, далада жаурап қалмас үшін ішке кіргізейік» деп ұйымдастырушылар екі сиырды жиын өтіп жатқан залға жетектеп кірді де, кіреберіске байлап қойды.

Алматыдағы ADF плаза ғимаратының паркингінде өткен шараға жүз шақты адам қатысты. Кәсіпкер, меценат Марғұлан СЕЙСЕМБАЙ, «Көкжайлауды қорғайық!» бастамашыл тобының өкілі Ажар ЖАНДОСОВА, экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, қаржыгер, KEGOC АҚ-ның бұрынғы басшысы Әсет НАУРЫЗБАЕВ және тағы белсенділер спикер ретінде қатысып, өз саласына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары