$ 443.35  475.54  4.82

Тоқаев Құдайбергеновпен зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелерін талқылады

Тоқаев еліміздің экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныс жасауды тапсырды.

Мемлекет басшысы экономист Олжас Құдайбергеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесу барысында стратегиялық жоспарлау, бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің тиімділігі, мемлекеттік органдардағы бюрократиялық рәсімдерді қысқарту, сондай-ақ, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныс жасауды тапсырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары