Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген Жарлықта.
Түзетулер басшылардың, соның ішінде министрлер мен әкімдердің сыбайлас жемқорлық үшін оларға бағынышты адамдарды тартқан жағдайда дербес жауапкершілігін белгілеу туралы норманы қамтиды.