02.11.2019, 11:20

Шымкенттегі жылыжайдың жай-жапсары

фото: aikyn.kz
Биылғы жылдың қазан айында алынған мәліметтерге сүйенсек, аудан бойынша жылыжайлардың жалпы саны 125-ті құрады. Оның 7-еуі өнеркәсіптік, 118-і фермерлік жылыжай.

Сайрам ауданында биыл аумағы 10 гектарды құрайтын жылыжай салу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда мұнда он гектардан астам жылыжай іске қосылып, жоспар артығымен орындалды, деп хабарлайды Sn.kz.

Оның ішінде Қарабұлақ ауыл округінде жеке кәсіпкер Еркін Ергешов – 0,20, Манкент ауыл округінде Әбдірахмат Кәмилов – 0,10, Қарасу ауыл округінде Антон Потеряев – 1, Қарамұрт ауыл округінде «Эко Инвест» ЖШС-і 9 гектарға жылыжай салып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

Айта кетейік, «Эко Инвест» ЖШС екі жыл ішінде жалпы аумағы 21 гектарды құрайтын жылыжай салмақ. Биыл соның 9 гектарына салынған жылыжайы іске қосылды. Қалғаны келесі жылдың еншісіне қалдырылып отыр.

Жылыжайлар өнеркәсіптік және фермерлік болып екі түрге бөлінеді. Олардың айырмашылығы, мәселен, өнеркәсіптік жылыжайда көшеттер минералды ватаға егіледі. Сонымен қатар, онда кешен жұмысы толық автоматтандырылған.

Фермерлікке қарағанда көп өнім алуға мүмкіндік мол. Ал фермерлік жылыжайда көшеттер топыраққа отырғызылады. Дегенмен, бұл екі түрлі жылыжай өнімінің сапасы бірдей.

Биылғы жылдың қазан айында алынған мәліметтерге сүйенсек, аудан бойынша жылыжайлардың жалпы саны 125-ті құрады. Оның 7-еуі өнеркәсіптік, 118-і фермерлік жылыжай.

Тегтер: жылыжай