04.11.2019, 09:06

Айтаханов тұрғын үйлер мен мектептер салуға жеке инвесторлар тартуды жүктеді

Жиынды қорытындылаған Е. Айтаханов тиісті сала басшыларына тұрғын үйлер мен мектептер салу мәселесінде бюджетке ауыртпалық салмай, жеке инвесторлар тартуды жүктеді.

Қала әкімі қатысқа мәжілісте мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы баяндаған қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мулкеманов аталмыш жобаларды жоспарлау және іске асыру функциясы қаламыз республикалық қалалар санатына жатқызылуына байланысты берілгенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz.

Қала әкімі  Ерлан Айтаханов бұл мәселелер бойынша да жұмыла жұмыс істеу керегін қадап айтты.  «Мәселен, мектеп құрылысын салуда тапсырыс беруші білім басқармасы болса да оның қай деңгейде салынып жатқанын құрылыс басқармасы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары назарда ұстау керек» деді шаһар басшысы.

Жиынды қорытындылаған Е. Айтаханов тиісті сала басшыларына тұрғын үйлер мен мектептер салу мәселесінде бюджетке ауыртпалық салмай, жеке инвесторлар тартуды жүктеді.