$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Алматыда дүнген мәдениеті мен дәстүрі дәріптелді

Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру; Қазақстандық бауырлас халықтар арасында әріптестік байланыс орнатып, достық қарым-қатынастарды арттыру.

Алматының Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Қазақстан дүнгендері: мәдениеті мен дәстүрлері» мерекелік іс-шара өтті. Достық үйінің шаңырағының астында өткен дүнген этномәдени бірлестігінің мәдениеті мен дәстүрлері күнімен құттықтаған ҚХА Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев қатысты, деп хабарлайды Sn.kz.

Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру; Қазақстандық бауырлас халықтар арасында әріптестік байланыс орнатып, достық қарым-қатынастарды арттыру.

«Тұрақтылық пен гүлденудің негізі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен осындай тамаша достық пен бірлік мерекелерін өткізу жақсы дәстүрге айналып отыр. Этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті, рухани-адамгершілік құндылықтарды, бейбітшілік пен достық қағидаттарын нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізуге аянбай жұмыс жасауда. Өйткені, бірлік болмаса, бейбітшілік пен келісім болмаса өлшеусіз термен, қыруар қажыр-қайратпен жасалып жатқан елімізді өркендету жолындағы еңбектің бәрі де бекер болар», - деді ол.

Мерекелік іс-шара аясында «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» суреттер көрмесі, Қазақстан дүнгендерінің ұлттық қолданбалы өнерінің көрмесі, «Шеберлер қаласында» ұлттық тағамдар жасаудан, кесте тігуден және шашты сәндеу үлгілерінен шеберлік сыныптары және дүнген шығармашылық ұжымдарының концерті ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары