$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте мүгедектерге қолайлы жағдай жасалған 100 шақты автобус бар

Кездесуде Аида Ғалымқызы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау – қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін баса айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.  Жиында билік пен қоғам арасында тұрақты диолог орнату мәселесіне екпін берілді. Халық ойын еркін жеткізуі тиіс. Осы мақсатта Шымкент қалалық қоғамдық кеңес өкілдері ағымдағы жылы таза ауыз сумен қамту, көпбалалы аналарға жағдай жасауға ден қойды, деп хабарлайды Sn.kz.

Кездесуде Аида Ғалымқызы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау – қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін баса айтты.

– Мен осы сапар аясында Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым. Қабылдауымда 80-нен аса азамат болды. Осы қабылдау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арыз-шағымын тыңдадым. Олар қала ауруханаларында, сондай-ақ қоғамдық көліктерде жүріп-тұру қиын екенін, ондағы жағдай мүгедектерге бейімделмегенін жеткізді. Мекемелердегі қарапайым дәретханаға шығу мұң екенін айтты.

Жалпы қала бойынша мүгедектерге қолайлы жағдай жасалған 100 шақты ғана автобус бар екен. Аялдамалардың мүгедектерге ыңғайсыз екенін де айтты. Мен жауапты мамандарға алдағы 1 ай ішінде кемшіліктерді түзеу үшін тапсырма бердім. Осы мәселені Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі өз бақылауына алып, оң шешілуіне ықпал етуі тиіс, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Аида Балаева