Ирак астанасында үкіметке қарсы наразылық шеруі кезінде әлдекімдер жиылған көпшілікке оқ атып, 12 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
30-дан астам адам жарақат алды. Мәліметке қарағанда, оқ көліктен атылған. Еске сала кетейік, Иракта толқулар қазан айынан бері жалғасып келеді. Оған елдегі жемқорлық пен жұмыссыздық түрткі. Өткен аптада премьер-министр Адиль Абдул Махди отставкаға кетті. Бірақ халық оған да басылар түрі жоқ. Енді биліктен саяси жүйені түбегейлі өзгертуді талап етіп жатыр.