$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ-та Қазақстан мен Гонконг азаматтары митингіге шықты

Алаңға Қастер мен Мұрагердің суретін алып шыққан Қазақстан азаматтары "Назарбаев кетсін!" деп ұрандатқан.
Фото: Қ. Бекболаттың Facebook-парақшасынан алынды
Фото: Қ. Бекболаттың Facebook-парақшасынан алынды

Бүгін АҚШ-та тұратын қандастарымыз қазақ-қытай шекарасын кесіп өткен шыңжаңдық Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлына босқын мәртебесін беруді талап етіп алаңға шықты,-деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы.

Ол туралы Қаржан Бекболат есімді азамат Facebook-парақшасынада "өз елімізде үрейге бой ұрып, шет елде митингіге шығып жатқан қандастарымызды да көрсетті-ау, бұл Тәңірім" деп жазба қалдырған. Сондай-ақ, ереуілде Гонконгтың мыңдаған азаматы бой көрсетіп Қытай диктатурасына қарсылықтарын білдірген. 

Алаңға Қастер мен Мұрагердің суретін алып шыққан Қазақстан азаматтары "Назарбаев кетсін!" деп ұрандатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары