19.12.2019, 16:30

Қазақстан Ауғанстанға жемқорлықпен күресуді үйретпек

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ауғанстан Американдық университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Кабулда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол сол елдің Бас Прокурорымен, Әділет министрімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталықтың және Ауғанстан Жоғарғы Сотының сот департаментінің басшыларымен кездесті.

Ауғанстанның Бас прокуроры Мохаммад Фарид Хамидимен келіссөздер барысында ведомстволар арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға келісті.

Олжас Бектенов Ауғанстандағы жағдайды тезірек тұрақтандыруға Қазақстанның мүдделілігін алға тартып, ауғандық әріптестеріне онлайн семинарлар мен біліктілікті арттырудың басқа да түрлерін үйретіп, қысқамерзімді оқу курстарынан өткізу барысында қолдау білдіретінін айтты.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ауғанстан Американдық университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті.

Жиналғандар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты құру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және қоғамдағы тұтастық идеологиясын дамыту тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытты.

Кездесудің нәтижесінде агенттік қызметкерлері танымал қазақстандық сарапшылармен бейнеконференция арқылы университет студенттеріне тұрақты түрде дәрістер мен семинарлар өткізу туралы келісімге қол қойды.

Еске сала кетсек, біздің ел билігі былтыр осылайша Ирак мемлекетіне де жемқорлыққа қарсы күресуді үйретпек болған еді. Алайда, оның әлі де бір оң нәтижесі туралы ақпарат жоқ.