Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли 20 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекет басшыларының саммитіне Қазақстан атынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысатынын желіде жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Наурыз айында оның орнына келген Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысуды жоспарлап қойған.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург қаласында өтетін Еуразия экономикалық одағының бейресми саммитіне қатысу-қатыспауына байланысты сұрақтар түсіп жатыр. Осыған орай, аталған саммитке еліміздің атынан жоғары Еуразия экономикалық кеңестің құрметті төрағасы ретінде бірінші президент – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатынын хабарлаймын", - деген мәтінде жазба қалдырды Берік Уәли.
Еске сала кетсек, Елбасы Қазақстан атынан Ташкентте өткен Орталық Азия елдері басшыларының саммитіне де қатысқан болатын.