$ 498.34  519.72  4.85

«Әкімге лайдың үстіне футбол ойнатыңдар!»: заңгер Қызылорда халқының қазіргі жағдайын көрсетті (ВИДЕО)

Ал облыс әкімдігі биыл «Қайсар» футбол клубына 2020 жылға арнап 4 миллиард теңге қаржы бөлген.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Белгілі заңгер, қоғамдық белсенді Айгүл Орынбек facebook парақшасына Қызыорда облысында халқы толарсақтан саз кешіп жүрген ауылдың видеосын жүктеді. Ал облыс әкімдігі биыл «Қайсар» футбол клубына 2020 жылға арнап 4 миллиард теңге қаржы бөлген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қызылорда. Бүгінгі жағдай! Егер жергілікті сайланған әкімдер өз жұмыстарын адал істегенде, қара халық лай кешіп жүрмес еді!

Біздің ел «Ауғаныстанға жемқорлықпен күресуді үйретейін деп жатыр» деп естідім. Бірінші өз елін шығарып алсын да, біреуге үйретпей! Жемқорлықпен тек форум арқылы күресетін Қағазстан! Жемқорлығы жоқ елдің халқының жүрісі мынау!

Жемқорлыққа жол жоқ, бірақ, халықтың жолын жеуге келгенде жол бар! Әрбір елін сүйетін азамат, ешкімнен қорықпай, осылай ашық түсіріп көрсететін уақыты келді!» - дейді заңгер.

Ал Үйтолған Жареке есімді желі қолданушы осы жазбаның астына «Облыс әкімдігі 2020 жылы футболды дамытуға 4 млрд бөліп отыр» деп жазып, еліміздегі футбол клубтары сұраған қаражаттың кестесін де салды.

Кестеге қарап отырсақ, қызылордалық «Қайсар» ФК 5 миллиард теңгені иеленген шымкенттік «Ордабасынан» кейінгі екінші қатарда тұр. Тіпті, «Астана» клубының өзі 1,7 миллиард теңгемен 12 тізімнің оныншысы болып орналасса, алматылық «Қайрат» 892 мың ғана теңгемен ең соңына жайғасқан.

Сол себепті, Айгүл Орынбек: «Әкімді сүйреп әкеліп, лайдың үстіне футбол ойнатыңдар, Қызылорда халқы!» - деп ашынып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары