Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портреті қайырымдылық аукционында сатылды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Аукционнанда түсірілген сурет желіде жарияланды. Бейнежазба кадрларында кеш жүргізушілері - белгілі КВН-шілер Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин бір лот - әкім Болат Бақауовтың портретіне сауда-саттық өткізеді. Сауда бағаны көтеру тәсілімен өткен. Видео суретке 28 миллион теңге ұсынылған сәтте үзіледі.
Кештің жүргізушісі Ярослав Мелихин іс-шараға шын мәнінде қатысқанын растады.
"Онда әкімнің портреті ғана емес. Онда кітаптар, жергілікті суретшілердің суреттері, бокс қолғаптары болды. Бұл қайырымдылық аукционы аясында болды. Барлық ақша Павлодар облысының зағиптарына көмекке жіберілді", - деді Ярослав Мелихин.
Оның айтуынша, облыс әкімінің портреті нәтижесінде 31 миллион теңгеге өткен. Облыстық әкімдіктегілер қайырымдылық балы 25 желтоқсанда өткенін айтты. Аймақ әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет аукционның осы іс-шара аясында ұйымдастырылғанын атап өтті.
"Лоттарды суретшілер ұсынады. 20-ға жуық сурет, "Ертіс" командасының қолтаңбасы бар футбол добы, ағаштан жасалған шоқпар. Жалпы сомасы 52,2 миллион теңге, оның ішінде 30 миллион теңгесі картиналар үшін", - деді аймақ әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет.
Ол аукционда аймақ басшысына Ауған соғысы ардагерлері сыйлаған әкімнің портреті қойылғанын растады. Сонымен қатар, баспасөз хатшысы 31 миллион теңгеге әкімнің портретін сату туралы ақпаратты растамады.
"Бұл сурет үшін, менің ойымша, 700 мың теңге. Бұл әзіл", - деп мәлімдеді ол портреттің кімге сатылғанын білмейтінін айтып.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, акционерден түскен барлық қаражат Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнына жіберіледі, олар әкімге қолдау көрсету жөнінде бірнеше рет өтініш білдірген.