$ 443.85  474.3  4.8

16 млн теңге жымқырған Сары-Шаған жол дистанциясы филиалының директоры сотталды

Тергеу барысында келтірілген шығын толығымен өтелді.
фото: qazaqtimes.com
фото: qazaqtimes.com

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "Жамбыл магистральды желісінің бөлімі" – "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалының Сары-Шаған жол дистанциясы (ПЧ-48) директоры Т.С. Қыдырбаевқа қатысты тергеу жүргізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жанар-жағармай материалдары мен бағыттама бұрысының металл бөлшектерін негізсіз есептен шығару арқылы аса ірі көлемде – жалпы сомасы 16 миллион 78 мың теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді.

Тергеу барысында келтірілген шығын толығымен өтелді.

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Қарағанды облысы Приозерск қалалық сотының үкімімен Т.С. Қыдырбаев кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары