$ 443.85  474.3  4.8

«Үкімет банктерге тағы көп қаржы берсе, әлеуметтік бүлікшілік болады» - Мұхтар Тайжан

«Демек, банктерге көмектесудің мүлде қажеті жоқ! Одан да банкротқа ұшырағандары артық!».
фото: datnews.info
фото: datnews.info

Қоғам қайраткері, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан Үкіметтің халыққа пайдасы шамалы банктерге шектен тыс ақша бөле беретін әдетін сынға алды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Егер Үкімет қайтадан банктерге шектен тыс көп ақша берсе, әлеуметтік бүлікшілік болатынын жоққа шығармаймын. Адамдар көмекке тәуелді болса түсінемін, бірақ, біз неге банкке көмектесуіміз керек? 450 миллиард – Қазақстанның батысын оңтүстікпен байланыстыратын Бейнеу-Бозой жолын салғаннан қымбат! Банктерге неге көмектесе береміз? Банкрот ету керек оларды!» деп жазды ол facebook парақшасында.

Мұхтар Тайжанның айтуынша, банктер жылдар бойы ақшадан тарыққан адамдарға жасырын түрде 2-3 есе пайыздық үстеме қосып отырады. Оған қоса, өздерінің офшорлық компанияларына ақша алып, адамдарды қарызға батырып жүр.

«Сосын кейбіреуі өз банктерін мемлекетке 100 теңгеге сатты (мысалы, Альянс банкі). Олар өздерінің қаржылық проблемаларын мемлекеттің мойнына іліп қойып, қазір рахаттанып отыр. Демек, банктерге көмектесудің мүлде қажеті жоқ! Одан да банкротқа ұшырағандары артық!» - деп ашығын айтты одан әрі.

Сондай-ақ, ол осы жазбасына «тұздық ретінде» мемлекеттің банктерге миллиардтап, тіпті, триллиондап ақша аударғаны жөніндегі Forbes журналына шыққан мақаланың сілтемесін салды. Ол тізімді көргенде, «жаға тұрмақ, кеңірдегіңді ұстайсың».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары