$ 494.87  520.65  4.91

«Құл-құтандар, алыңдар!»: Жириновский Қызыл алаңда елге ақша үлестірді (ВИДЕО)

Думаның даукес депутаты ара-арасында «Алғандарың – әрі барыңдар!» - деп қояды.

Ресейлік ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский Қызыл алаңда елге ақша таратты, деп хабарлайды NEGE.

Қаумалаған жұртқа мың рубльден таратқан Жириновский: «Балақайлар, кембағалдар, тағы кім бар? Жетімдер, шаруалар, құл-құтандар! Алыңдар!» - деп ақша үлестіре жүріп, думаның даукес депутаты ара-арасында «Алғандарың – әрі барыңдар!» - деп қояды.

Жириновскидің баспасөз өкілі өздерінің ЛДПР партиясының жанында арнайы қор бар екендігін, оған мемлекеттік думаның бар депутаты ай сайын жалақысының 10%-ын беріп отыратынын, сол миллиондаған ақшадан осылай көмек беріліп тұратындығын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары