09.01.2020, 11:20

«Кәне, дәлелдеп беріңіз!»: Әзімбай Ғали Иран мен АҚШ арасындағы текетіресте ұтымды сәтті пайдаланып қалуды ескертті

Фото: коллаж Skifnews.kz
Мәселен, Жәнібек Иманмәзір: "Мұнай бағасы көтерілгені бізге жақсы дейсіз. Бізде ешқашан жақсы болған емес. Рас болса кәне дәлелдеп беріңіз! Мұнайдың пайдасын біз емес аш жемқор көреді. Бізге одан келер қандай пайда бар? Керісінше жемқор күшейсе бізге жаман", - деп саясаткерге желіде дүрсе қоя берді.

Иранның АҚШ-тың әскери базаларына зымыран атқылауы жер-жаһанның назарын аударған болатын. Осы орайда, белгілі саясатсанушы Әзімбай Ғали Иран мен АҚШ арасындағы әскери соққылар мен текетірестердің болуы Қазақстан үшін оңтайлы болмақ деп, халыққа  доллар сатып ала беруге кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан саяси ахуалдарға әрдайым өзекті пікірлерін айтып, сараптап отыратын саясаттанушы сондай-ақ, соңғы кездері болған ұшақ апатынан кейін Дубай мен Шарм аш Шейхка ұшуда халықтың біраз әбігерге түсетінін де тілге тиек етті. 

"Иран мен АҚШ арасында соғыс басталғанға ұқсайды. Иран - АҚШ арасында әскери соққылар жүріп жатыр . Енді ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады. Дубайға ұшу, Шарм аш Шейхка жету машақатты болар. Үшінші дүние жүзілік соғыс басталмас, бірақ Вашингтон-Тегеран текетіресі мұнай бағасын көтермек, бұл бізге жақсы, сондықтан ұтымды сәтті пайдаланып доллар сатып ала беру керек. Соғыстың әскери фазасы ұзаққа бармас, бірақ артты қырғи қабақ теке тірес -экономикалық санкцияларға айналады. АҚШ Иранның мұнай мен газына тосқауыл қоймақ. Шіркін бұл соғыста қызыл бастар мемлекеті ыдырап Әзірбайжан жерін кеңейтіп, Күрдістан мемлекеті пайда болар. Қазақстан бейтарап позициясында болғаны жөн. Өзім АҚШ-ты қолдаймын", - деген ойын желідегі жазбасы арқылы бөліскен Әзімбай Ғалидың бұл пікіріне  таңданып та, тіпті, мысқылдап та жатқандардың қарасы қалың. 

 Мәселен, Жәнібек Иманмәзір: "Мұнай бағасы көтерілгені бізге жақсы дейсіз. Бізде ешқашан жақсы болған емес. Рас болса кәне дәлелдеп беріңіз! Мұнайдың пайдасын біз емес аш жемқор көреді. Бізге одан келер қандай пайда бар? Керісінше жемқор күшейсе бізге жаман", - деп саясаткерге желіде дүрсе қоя берді. 

Ал, Қорғанбек Аманжол болса, "Біреу өлмей біреу күн көрмейді дейсіз ғой ...Ой Алла", деп таңданысын жасырмаған. "Мен қазақтың баласы" деген аккаунттың қолданушысы "Мұнай көтерілгенде доллар сатып ал дегеніңіз қалай кетті?!", - деп мысқылдап, аузын айқара ашып тұрған смайлик қалдырыпты.

Оқырмандарының мұндай пікіріне бейжай қарай алмаған Әзімбай Ғали болса, қарымта жауап беруден жалтармай: "...Ресей Иранды қолдап, соның қолымен АҚШқа қарсы от көсейді, оған ракеталар қару сатады. АҚШ пен Саудия әлемде ең көп мұнай сатышы елдер. Енді Иран бұл жолы экономикалық блокадаға түседі. Араб әлемі шиялық Иранмен қас. Менің ирандық достарымның айтуынша (Skype достарымның), Иран халқы кедейліктен шаршады дейді, олар ұзақ конфронтация мен санкцияларға шыдағысы жоқ. Бізге бейтараптық позиция керек: Астанаға бейбіт келісімге шақырамыз. АҚШ Қазақстанға бірнеше әскери қатер және басқа теңіз құралы мен теңіз көлігін осы жолы бізге беруі әбден мүмкін. Біз әскери теңіз державаға айналып келеміз", - деп  екі ел арасындағы кикілжіңнің салдарын, оның Қазақстанға қалай әсер ететініне  кеңінен тоқталды.