$ 494.87  520.65  4.91

«Табытқа жатқан күйде қайтасыңдар»: Тегерандағы қазақ диаспорасының өкілі «бауырлары» үшін алаңдаулы

Әлеуметтік желілерде ирандықтар АҚШ-қа қарсы жаппай наразылық акцияларын бастаған.
Фото: Newsroom.kz
Фото: Newsroom.kz

"АҚШ пен Иран арасында соғыс басталса, қандастарымызға қауіп төнуі мүмкін", - деп Тегерандағы қазақ диаспорасының өкілі Жафар Шадкам. алаңдап отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Азаттық рухына сілтеме жасап хабарлайды.

«Этникалық қазақтар негізінен Каспий жағалауына жақын Гүлстан аймағында шоғырланған. Негізі бұл өңір Ресейге жақын. Әрі соғыс ошағынан алыс жатыр. Десек те, Иранның әр жерінде жүрген бауырларымыз бар ғой. Соғыс басталып кетсе, оларға  әрине қауіп төнуі мүмкін», - дейді Жафар Шадкам.

Қазақ диаспорасының өкілі, оған қоса, Тегерандағы халықтың тұрмыс тіршілігі бұрынғыдай екенін, мемлекеттік мекемелердің қалыпты  жұмыс істеп жатқанын жеткізді. 

Әлеуметтік желілерде ирандықтар АҚШ-қа қарсы жаппай наразылық акцияларын бастаған. Ол – генералдың өлімі үшін кек қайтаруды білдіретін белгі. Яғни, Америка сарбаздарына «аяқтарыңа тік тұрған күйде келіп, табытқа жатқан күйде қайтасыңдар» дегенді меңзейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары