$ 443.85  474.3  4.8

240 миллион теңге: Бақауовтың басы қайда шатылғаны белгілі болды

Соның салдарынан, мемлекетке аса үлкен көлемде шығын келтірілген.
фото: adyrna.kz
фото: adyrna.kz

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қызметін пайдаланып, талапқа сай келмейтін нысанды қымбат бағаға сатып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, @yyedilov телеграм каналына сүйене отырып.

«Кейбір дереккөздердің мәліметі бойынша кешенді жедел іздестіру шаралары мен құпия тергеу нәтижесінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Баянауыл ауданының әкіміне қарсы ҚР ҚК-нің 361-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі іс тіркелген.

Олар 2018-2019 жылдар аралығында аталған аудандағы жол құрылысының мердігері болған үлестес тұлғадан ауданы 324 м2 бос ғимаратты бюджет қаржысы есебінен тым қымбат бағаға – 240 миллион теңгеге сатып алады. Нысан одан ары аэродром ретінде пайдалану үшін сатып алынған.

Алайда, МІАД пен жер инспекциясының қорытындысына сәйкес, аталған нысан аэродром ретінде пайдалану талаптарына сай келмейді. Соның салдарынан, мемлекетке аса үлкен көлемде шығын келтірілген» делінген аталған жазбада.

Айта кетсек, бұған дейін БАҚ-тағы Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпаратты облыс әкімдігі жасырып-жабуға тырысқан еді. Одан кейін бәрібір ҰҚК мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ведомствоаралық жедел-тергеу тобының араласуымен Павлодар облысының әкімі Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары