«Нұр Отанның» кезектен тыс XVII съезі 29 қаңтарға жоспарланған. Ол Астанада өтеді. Айтулы жиында партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданбақ делінген «Нұр Отанның» ресми сайтында. Осыған орай Мемлекет басшысы - «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс съезді шақыру қаулысына қол қойды.
Наурыздың 20 жұлдызына Мәжілістің және өңірлердегі мәслихаттардың сайлауы жоспарланғаны белгілі. «Нұр Отан» съезінде осы саяси науқанға дайындық пысықталмақ. Яғни, сайлауалды бағдарлама әзірленіп, партияның Мәжіліске ұсынатын депутаттарының тізімі жасалады.
ҚР Парламент Мәжілісі сайлауына жеті партия қатысып, төменгі палатадағы 170 орынның 98-не таласып көрмек. Атап айтқанда, олар: «Нұр Отан», «Ауыл», «Ақ жол», «Бірлік», Коммунистік партия, «Азат» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялары.