Журналист Қазыбек Иса Петропавл қаласын Абылайхан, Павлодарды Кенесары, Семей атауын Әлихан Бөкейхановтың құрметіне қоюды ұсынды. Ал қазақ тілінің жанашыры Руза Бейсенбай Павлодарды – Тәшенов, Петропавл мен Павлодарды – Керей мен Жәнібек деп атауды жөн көрді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Журналист Ерман Қанжанұлы Қаратауды Қонаевтың атымен атауды ұсынса, желі қолданушыларының 90%-ы соны қолдап, «Қонаевтың атын Алматыға берсе де артық болмайды» деп жатыр.
Бұл қаншалықты дұрыс? Танымал журналист Марат Тоқашбаев бұған қарсылық білдірді. Оның айтуынша, Семейді өз атауымен қалдырып, Петропавл мен Павлодарды Абылайхан мен Кенесарының құрметіне қою дұрыс емес. Айтуынша, Парламент адам есімін қалаларға беруге тыйым салу туралы заң қабылдауы керек. Сол кезде Нұр-Сұлтан, Петропавл, Павлодар секілді атаулардан құтыламыз.
Тоқашбаев Қаратауды Қонаев деп өзгерту керек емес екенін айтады. Себебі, халық қаланың бұрынғы атауына үйреніскен. Қалаларға адам аттарын беру бізге орыстар мен америкалықтардан келген. Қазаққа жат. Журналистің ойынша, елорданы Алаш-Орда деп атау керек. Бұл тарихи тұрғыда дұрыс болады дейді ол.
Жақында «JEBE» бірлестігінің мүшелері депутат Айзада Құрмановамен кездесуде Павлодарды Ертіс деп атауды ұсынды. Бұл логикалық тұрғыда дұрыс. Тарихшы Зиябек Қабылдинов Петропавлдың бір кездері Қызылжар болғанын дәлелдеген еді. «Бір сөзбен айтқанда, елдімекендерге адамның есімін қою дұрыс емес», - дейді Серік Жолдасбай.