Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақордаға сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы. .
Кездесу барысында Құлыбаев мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржы айналымының қажеттілігі, экономиканың өзге де секторларына қаражаттың қолжетімділігі жайында баяндады.