$ 494.87  520.65  4.91

«Кемшіліктер жеткілікті»: Тоқаев міндеттерін дұрыс орындамаған шенеуніктерді қызметінен босатуы мүмкін

"Көктемде бұл мәселеге қайта ораламыз. Сол кезде түрлі себептерге байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмағандарды қызметінен босату жөнінде нақты шешім қабылдаймыз", - деп ескертті мемлекет басшысы.
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өздеріне жүктелген міндеттерді орындай алмаған үкімет мүшелері қызметінен босатылатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президент берілген тапсырмаларды тиісті деңгейде орындамағандарға бүгін неліктен сөгіс жарияламағанын түсіндірді.

"Кемшіліктер жеткілікті. Мысалы, өз сөзімде айтқанымдай, халық тұтынатын ең қажетті тауарлардың бағасын өсіріп жібергені үшін қатаң шаралар қолдануға болар еді. Жалпы алғанда, сөгіс беру жақсы нәтижеге жетудің аса тиімді жолы емес. Бұл менің нақты ұстанымым. Сондықтан үкімет мүшелері мен әкімдерге кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беріп отырмын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы бүгінгі жиында берілген тапсырмаларды зор жауапкершілікпен орындау қажет екенін атап өтті.

"Көктемде бұл мәселеге қайта ораламыз. Сол кезде түрлі себептерге байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмағандарды қызметінен босату жөнінде нақты шешім қабылдаймыз", - деп ескертті мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары