$ 494.87  520.65  4.91

Бір сәтте бірнеше ауылдың әкім-қаралары парақор деп айыпталды

Қазіргі таңда солардың бәріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
фото: qazaqtimes.com
фото: qazaqtimes.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесі Түркістан және Алматы облыстарында ауыл әкімдерінің пара алу күдігіне ілінгенін хабарлады. Агенттік қаңтар айының өзінде еліміздің бірқатар өңірінде аудан және ауыл әкімдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастап үлгерген, деп жазады bugin.kz.

Мысалы, Түркістан облысында Кентау қаласы Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Хасан Муслимовке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оған жер учаскесінің ахуалдық схемасына қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге пара алды деген айып тағылды.

Бұған дейін келісілген пара сомасы 4 миллион 150 мың теңге болған екен. Ведомсто мәліметінше, 2015 жылдың 4 желтоқсанынан бері басшылық лауазымда болған 61 жастағы әкім өз кінәсін мойындапты.

Сонымен бірге, Алматы облысында Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің бұрынғы әкімі мен әкімдіктің лауазымды тұлғалары күдікке ілінген. Құзырлы орган олардың Жаңадәуір ауылындағы 10 гектар жер учаскесін шаруа қожалығынан жеке қосалқы шаруашылыққа заңсыз өзгертуге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Ал Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі шипажай, су қорғау аймақтары мен ирригациялық желілерде жер учаскелерін бөлу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып жатыр. 24 қаңтарда күдіктіге қатысты қамауда ұстау шарасы санкцияланды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары