30.01.2020, 16:00

Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі елшісін қабылдады

Фото: Ақорда сайтынан
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.