Орталық еуропалық уақыт бойынша 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні Брексит бойынша референдумнан соң, 3,5 жыл өткеннен кейін Британия ресми түрде Еуропалық Одақтан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
Премьер-министр Борис Джонсон мұны өте дұрыс және демократиялық шешім деп есептейтінін айтты. Сонымен қатар ол британдықтарға «ұлттық жаңғыруға» уәде берді. Премьер жаңа Британия көші-қонды бақылайтынын, еркін экономикалық аймақтар құратынын, климаттың жаһандық өзгеруіне қарсы күресті тоқтатпайтынын және түбінде қылмысты жеңетінін айтты.
Брюссельде Еуропарламент ғимаратының жанындағы британдық ту Еуроодақ жалауына ауыстырылды.