$ 490.84  536.88  5.04

«Ұяты жоқ адамдар билік басына келуде» - Айсұлтан Рахат еліміздегі жүйені сынға алды

Әрбір қазақстандықтың жемқорлыққа ат салысқаны өтірік емес. Мысалы, адамдар кем дегенде бір рет жол ережесін бұзғаны үшін полицияға ақша ұсынды. Сондықтан бәріміз кінәліміз.

Айсұлтан Рахат (Назарбаев) еліміздегі жүйеге шүйлікті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айсұлтан Рахатұлы жазбасын Facebook-парақшасында өзін қолдаған азаматтарға алғысын білдірумен бастады. 

«Алдағы бес жыл ішінде теледидардан тәтелер мен ағалар не айтса да, экономикамыздың жақсаратыны анық. Бірақ кедейлер бәз қалпында тиынды тиынға соғып, өмір сүретін болады. Теңге құнсызданады.

Болып жатқан оқиғаларға да мен кінәлімін. Себебі мен кезінде бірдеңе өзгерту мүмкіндігін пайдалана алмадым. Мен өзіммен өзім өмір сүруді қалағаным үшін кешірім сұраймын.

Әрбір қазақстандықтың жемқорлыққа ат салысқаны өтірік емес. Мысалы, адамдар кем дегенде бір рет жол ережесін бұзғаны үшін полицияға ақша ұсынды. Сондықтан бәріміз кінәліміз», - деп жазды Айсұлтан.

Оған қоса, Дариға Назарбаеваның ұлы Қазақстандағы жүйенің дұрыс еместігін және оны бұзу үшін барымызды салу керектігін айтты.

«Ұяты жоқ адамдар билік басына келуде. Елімізде тыныштық жоғалып барады. Адам құқығы мүлде қорғалмайды, шындықты жар салғандардың дауысы шыңыраудан ғана естіледі. Көбі маған «осыған дейін жұлдыз санадың ба? деп жазып жатыр. Ия, менің оянуыма Алла Тағала және бір адам себепші. 

Менде ешқандай амбиция жоқ. Және мен ешқашан мемлекетте орын алып жатқан заңсыздықтың бір бөлігі болғым келмейді. Ал заңбұзушылыққа тек жүйені құрту үшін барар едім. Тіпті менің биологиялық әкем де қанша қаласа да жүйені бұза алмады: Кеңес Одағында өскен ортаның кесірінен, олардың ойлау қабілеті шектеулі және өзгеруден қорқады», - деді Айсұлтан. 

Жазба соңында Айсұлтан Рахат адамзатты дінге бөлінбеуге шақырды және  Жаратушы Ие біреу екенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары