$ 481.84  531.33  5.07

Бас прокуратура 2019 жылғы жұмысын қорытындылады

Брифингте мүгедектердің, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары қалай сақталатыны айтылды.

Бүгін Бас прокуратурада өткен брифинг - 2019 жылғы жұмыс қорытындылары мен прокуратура органдарының негізгі функцияларына, жоғары қадағалаудың маңыздылығына арналды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресми өкіл Оксана Петерс мәлім еткендей, өткен жылы анықталған бұзушылықтар бойынша әртүрлі жауаптылыққа 19 мың адам тартылды.  Мемлекетке 32 млрд. теңге қайтарылған. Прокурорлардың қолдаухаттары мен наразылықтары бойынша азаматтық және әкімшілік істер бойынша 1025 сот актілерінің күші жойылды және өзгертілді.

Брифингте мүгедектердің, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары қалай сақталатыны айтылды.

“7 мың мүгедектен 90 млн. теңгеге заңсыз салық ұстап қалу фактілері орын алған. Ұзақ уақыттан бері мүгедек балаларды оқытатын мектептердің 30 мыңнан астам мұғаліміне - заң бойынша тиесілі 40% пайыз мөлшерінде үстемеақы төленбей келген. Біздің араласуымыздан кейін қазір бұл төлемдер іске асырылуда”,- деді Оксана Петерс.

Бас Прокурордың Нұсқауы бойынша балаларға қарсы қылмыстар мен зорлау қылмыстарын тергеп-тексеруге және ашуға маманданған 96 жедел тергеу тобы құрылды. Олардың құрамында тәжірибелі тергеуші және прокурор әйелдер бар. Мұндай істерді тергеп-тексеру әдістемесі  әзірленген. Нәтижесінде жыныстық қылмыстарды тергеп-тексеру тиімділігі 42% өсті.

Қазақстандық және шетелдік жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеудегі тепе-теңсіздіктің 500 –ге жуық фактісі анықталған. Барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданған.  

Өткен жылы прокурорлар қызметтік үй-жайлардан 752 адамды босатты. 295 адамды негізсіз қудалауды тоқтатқан.  Тергеп-тексеруді тоқтату және мерзімдерін үзу туралы 16 мыңнан астам қаулының күші жойылған.

Прокурорлардың шаралары бойынша бір жарым мыңдай азаматқа қатысты үкімдер қайта қаралды.

Бұл ретте 572 сотталған адамның жағдайы жақсарды, яғни олардың жазасы мен айыптау көлемі төмендетілді. Бас прокуратураның бастамасымен 41 адам ақталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары