Түркістан облысында кабинетінде карта ойнаған әкімнің ісі қаралды. Бұл көрніс WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы тарап кеткен болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Желіге тараған көріністе Шардара ауданына қарасты Қ. Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі Ә. Сейдалиевтің ауылдың бірнеше азаматымен бірге жұмыс орнында карта ойнап отырған әрекеті түскен. Әкім құмар ойынды қызметтік бөлмесінде жұмыстан тыс уақытта, кешкі сағат 21:00-дер шамасында ұйымдастырған.
Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін ауыл әкіміне «қызметтіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы шешім қабылданып, ұсыныс Шардара ауданының әкіміне жолданды.