$ 494.87  520.65  4.91

Тойдан "шаршаған" шоу-бизнес өкілдері депутат болуды көздеп отыр

Наурызда жаңаратын Парламент Мәжілісінің құрамынан тек саясаткерлерді ғана емес, әншілер мен актерларды да көруіміз мүмкін. Бүгін "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс өткен XVII съезінде Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді.

Аталған тізім ішінде "Түрківижн" халықаралық байқауының жеңімпазы Жанар Доғалова, әнші Қайрат Нұртас, актер Нұрлан Әлімжанов, жыршы Бекболат Тілеухан, телеарна дикторлары: Майя Веронская мен Артур Платоновтар да бар.

Сондай-ақ, танымал спортшылар да саясатқа араласып, Мәжілістен орын алуды көздеп отырған сыңайлы. Атап айтар болсақ, Геннадий Головкин, Илья Ильин және Серік Сәпиев те Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары