Желіде Жамбыл облысының тұрғындары елден жаппай кетіп жатыр-мыс деген тұспалды видео жарияланып, ол қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Кешегі жағдайдан кейін адамдар елден кетіп жатыр, - делінген видео астындағы жазбада.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі қазір шекарада не болып жатқанын айтып берді.
Бақылау-өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Азаматтар ағымының өсуі немесе төмендеуі байқалмайды, - дейді шекара қызметіндегілер.
Олар демалыс күндері әрі-бері жүретін жолаушылар осылай көп болатынын айтты.
Сондай-ақ, шекара қызметін күшейту деген болмағынын да айтты. Шекарашылар, әдеттегідей, тек құқық қорғау органдарымен байланыса отырып жұмыс істейді.