$ 444.22  476.38  4.82

«Биліктен еш қорықпаңдар»: халықты арандатып, оппозиция атынан митингке шақырған кімдер?

Жанболат Мамай дереу өз парақшасына: «Шұғыл! Мынау арандату! Жанат Есентаев парақшасы бұзылды! Мына жазбаға сенбеңіздер!» деп жазды.
фото: kz.media
фото: kz.media

Бүгін таңертең қоғам белсендісі Жанат Есентаевтың facebook парақшасын әлдебіреулер бұзып ашып, соның атынан халықты билікке қарсы шеруге шығуға шақырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құрметті фейсбуктегі достар. 22-ші ақпан күні өздеріңізге белгілі Алматыда ДПК сьезі өтеді. Сіздердің қолдауларыңыз қажет. Сол күні жергілікті сағат 11.00-де жаппай митингке шығыңыздар, бізді қолдау үшін. Бұл митинг Мұхтар Аблязовтың ДВК-сынан бөлек митинг болады. Оралда ДВК универмагтың алдында өткізеді, ал біздер ДПК митингісін Абай площадында өткіземіз.

Қолдарыңызға Жанболат Мамайдың фотосы мен ДПК деген жазуы бар бір ақ бет қағаз алып шығыңыздар. Биліктен еш қорықпаңдар. Қазір митинг өткізу үшін рұқсат алу керек емес. Соңғы уақытта қанша пикет, митинг өтті ешкімді ұстаған жоқ. Сол себепті тағы да айтамын, қорқудың қажеті жоқ. Біз көп болсақ, проспектіні де жауып тастаймыз. Қазақстанда үкімет тарапынан болып жатқан бассыздықты тоқтату қажет.

Ерте ме, кеш пе билікті жоямыз,
Оның алдында қашанға енді бұғамыз.
Алаңға шығайық сол үшін бәріміз,
ДПК партиясын осылайша құрамыз!
Митингке ұранмен шығайық алашым,
Қашанға тартасың үкіметтің азабын.
Қажет болса, қолымызға қару ап,
Полицияға береміз керекті жазасын!

Мен билікті көп сынап жырлаған Жанат Есентаев деген бард әншімін. Құныскерей батырдың ұрпағымын.
Алға ДПК, алға Қазақстан!» - деп ешкімді иландыра алмас шаласауат ұран тастаған жазба бұл аккаунт иесіне тиесілі емес болып шықты.

Оқи отырыңыз: Болат Әбілов пен Ораз Жандосов өз қаржыларымен 30 отбасына пәтер сыйлады

Аталған жаңа партияның жетекшісі Жанболат Мамай дереу өз парақшасына: «Шұғыл! Мынау арандату! Жанат Есентаев парақшасы бұзылды! Мына жазбаға сенбеңіздер!» деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары