Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында маңызды хабарлама жариялады. Оның дерегінде, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 5 наурызда "Nur Otan" партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында "Nur Otan" партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды", - деп мәлімдеді Айдос Үкібай.
Естеріңізге сала кетейік, 18 наурызда "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда партияның 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланады деп жоспарланған. Айтпақшы, Елбасы бұған дейін "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, одан партия құрамын жақсарту жұмыстары және саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық туралы есеп алған еді.