$ 514.65  544.6  5.17

Назарбаев үлкен теннисті, Тоқаев үстел теннисін жақсы көреді. Ал өзге президенттер ше? (ФОТО)

Ресей президентінің саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен белсенді түрде шұғылданатыны жайлы ресейлік БАҚ жиі жазады.

Бүгін «Түркістан» газеті Ресей, АҚШ, Беларусь, Франция және Германия мемлекет басшыларының қандай спорт түрлерімен шұғылданатынын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мысалы, Ресей президенті Владимир Путин спортпен күн сайын шұғылданады және самбо күресінің жаттығуларын қалдырмайды екен. Оның спорттың бұдан өзге қай түрлерімен шұғылданатынын баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтып берді.

«Президенттің жеке спорттық арсеналдарының қатарына хоккей қосылды. Сондай-ақ, ол жүзумен тұрақты айналысады, самбо күресінің жаттығуларын үзбейді. Ал жалпы фитнесті күнделікті тәжірибеге айналдырған», – деді Песков, «Первый каналға» берген сұхбатында.

Ресей президентінің саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен белсенді түрде шұғылданатыны жайлы ресейлік БАҚ жиі жазады. Ол 11 жастан бастап шығыс жекпе-жегімен айналысқан. Дзюдо мен самбодан спорт шебері.

Путиннің өзге әріптестері де спорттан алыс емес. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен теннис пен тау шаңғысы спортына басымдық бергені мәлім. Ал еліміздің қазіргі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисін шебер ойнайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп орта мектепте бейсбол және футболмен айналысқан. Ал қазір гольф ойнауға құмар.

Беларусь президенті Александр Лукашенко да бірнеше спорт түрімен шұғылданады. Атап айтқанда, хоккей, теннис, шаңғы жарысы және велоспортты жақсы көреді.

Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон бос уақытында үлкен теннис ойнайды.

Ал Германия канцлері Ангела Меркель скандиналық серуенге әуес.

Тағы оқи отырыңыз: «Имам да адам ғой»: басына тақия киген сақалды кісінің биіне көпшілік риза болды (ВИДЕО)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары