04.03.2020, 05:55

ШҚО-да тағы 6 ауыл картадан өшірілді: шалғайдағы қазақ елді мекендері біртіндеп жойылып жатыр

фото: zakon.kz
Семейдегі екі ауыл – Қараөлең және Социалистік Қазақстан ауылдарының жойылғаны да хабарланды.

Зайсан ауданы мен Семейдің әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы облыс әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімі жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, Зайсан ауданындағы келесі елді мекендер бұдан былай «өзге де елді мекендер» санатына жатқызылды: Сарытерек ауылдық округінің Жаңабаз ауылы; Айнабұлақ ауылдық округінің Талды, Сарытұмсық ауылдары; Кеңсай ауылдық округінің Саршы ауылы.

Осылайша, Жаңабаз кенті Көгедай ауылының құрамына енді; Талды және Сарытұмсық – Айнабұлақ ауылының құрамында, Саршы енді Кеңсай ауылының құрамына енді.

Семейдегі екі ауыл – Қараөлең және Социалистік Қазақстан ауылдарының жойылғаны да хабарланды.