05.03.2020, 06:10

Трамп коронавируспен күреске өзінің бір жолдық жалақысын аударды

фото: interfax.ru
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм хабарлады. Сондай-ақ, ол Twitter-де жазған постына чекті тіркеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бір жолдық жалақысын коронавируспен күресу үшін аударды. Чек АҚШ Денсаулық сақтау министрі секретариатының атына жазылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Трамп 2019 жылдың төртінші тоқсанында алған 100 мың долларын коронавируспен күреске аударды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм хабарлады. Сондай-ақ, ол Twitter-де жазған постына чекті тіркеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Трамп жалақысын дәстүрлі түрде түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге аударып тұрады. Айта кетсек, қазір АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар 9 адамға жетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлем бойынша 90 870 адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 80 304 адам Қытайда, қалған 10 566 адам 72 елде тіркелген.