24.03.2020, 09:26

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 2 адам анықталды

Фото: Тұрар Қазанғапов
Жалпы 64 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 8:10 сағаттағы жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 26 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 64 науқас тіркелді", - делінген министрліктің сайтында. 

Тегтер: коронавирус