28.03.2020, 01:52

«Елбасы елдегі жағдайды мұқият бақылап, ел Президентіне қолдау көрсетуде» - ресми өкіл

фото: ria.ru
Ол, тіпті, билікке әлемдік экономиканы зерттеп, жаһандық мәселелердің Қазақстанға теріс ықпал етуі бойынша талдау жұмыстарын күшейтуді тапсырған.

Елбасы елдегі жағдайды мұқият бақылап отыр. Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай осыны жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Елбасы маңызды саяси шешімдерді талқылауға қатысып, ел Президентіне қолдау көрсетуде. Ал өзекті ақпараттарды оған Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы жеткізеді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ел азаматтарына көмек қолын созумен айналысып жатқан «Nur Otan» партиясының қызметін де үйлестіріп отыр. «Birgemiz» қоғамдық қорының жұмысын да бақылауға алған.

Ол, тіпті, билікке әлемдік экономиканы зерттеп, жаһандық мәселелердің Қазақстанға теріс ықпал етуі бойынша талдау жұмыстарын күшейтуді тапсырған.