$ 494.87  520.65  4.91

«Әйелдер мен депутаттар әскери жиынға шақырылмайды» - Нұрлан Ермекбаев

Ал әскери шақыруға келмегендер әкімшілік жауапқа тартылатын болды.
фото: elorda.info
фото: elorda.info

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев президенттің әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлығын түсіндіргенде, оған кімдердің шақырылмайтынын да қадап айтқан еді. Қазір карантинде жатып, біраз ақпараттан құр қалғандар үшін министр меңзеген «борышын өтеуге» міндеттілерді еске сала кетпекпіз, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жиындарға барғандардың жұмысы сақталады. Жұмыста қанша айлық алса, әскери арнаулы жиында да сонша ақша алады. Мысалы, 200 мың айлық алса, әскери арнаулы жиында да сол айлықты алатын болады. Егер жұмысы жоқ болса, орташа айлық алады», - деп сөзін «алады-аладымен» бастаған Қорғаныс министрі, арнаулы жиындарға әскери тіркеуде тұрғандар мен денсаулығы жарайтын азаматтардың бәрі шақырылатынын ескертті.

Бірақ, бұл жерде ол «денсаулығы жарайтын азаматтар» деп тұр. Адамның басын емес, жасын да ескергендері ғой. 

«Мемлекеттік қызметтің қорғаныс саласында істейтіндер, педогогтар, авиация қызметкерлері, әскери оқуда жүргендер, үштен көп баласы барлар, жасы үлкендер, әйелдер мен депутаттар әскери жиынға шақырылмайды», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Ал әскери шақыруға келмегендер әкімшілік жауапқа тартылатын болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары