$ 494.87  520.65  4.91

«Менікі жай ғана болжам еді»: Айсұлтан Рахат Иманғали Тасмағамбетовтен де кешірім сұрады

«Мен мұны қатыгездік, кек алу мақсатында жасадым! Рахат Әлиевтің өлімінен кейін ашушаң болып кеттім!» - дейді ол.

Кейінгі кезде әлеуметтік желіде белсенділік танытып, жиі пост жазғыш болып алған Айсұлтан Рахат әлі де сол әдетінен жаңылған жоқ. «Өз шашқанын өзі жинай бастаған» ол енді зейнеттегі экс-шенеунік Иманғали Тасмағамбетовтен және Болат Өтемұратов пен Әділбек Жақсыбековтен де кешірім сұрап отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құрметті Иманғали Тасмағамбетов, Болат Өтемұратов, Әділбек Жақсыбеков!

Мен сіздерді сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап, аттарыңызға кір келтірдім. Менікі жай ғана болжам еді. Сіздерден, әйелдеріңізден және балаларыңыздан, отбасыларыңыздан шын жүректен кешірім сұраймын! Мен мұны қатыгездік, кек алу мақсатында жасадым! Рахат Әлиевтің өлімінен кейін ашушаң болып кеттім!

Мен сіздердің араларыңыздағы жұмыстарыңызға араласпауым керек еді. Өйткені, мен бәрін білмеймін! Сіздердің алдарыңызда кішіпейілділікпен басымды иіп, арам пиғылда жасаған іс-әрекеттерім үшін Құдайдан кешірім сұраймын!» деп жазды facebook парақшасына.

Тағы оқи отырыңыз: «Бүгіннен бастап адал боламын»: Айсұлтан Рахат анасынан кешірім сұрады 

Жалпы, қазір Айсұлтан Рахат facebook желісіндегі әр жазбасын Алладан кешірім сұрауға арнап, кәдімгідей «Құдайын танып» жүр. Сол себепті, кезінде өзі «ренжіткен» айналасындағы адамдардың алдында айыбын мойындауға көшкен. Ал оның шынымен сондай «достық құшағы ашық» па, әлде, «бір бармағы бүгулі» ме, ол жағы әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары