Өткен аптада Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигаловтың Жаңа Шотландия канадалық провинциясына ресми сапары орын алған, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Сапар барысында К.Жигаловты Галифакс қаласында провинцияның Лейтенант-губернаторы Джон Джеймс және Жаңа Шотландияның премьері Стивен Макнейл қабалдып, сонымен қатар Жаңа Шотландияның Энергетика министрі Эндрю Йонгер, Галифакс қаласының әкімі Майк Сэведж, Галифакс порты әкімшілігінің басшылығы мен провинцияның басқа да өкілдерімен кездесулер өтті.
«Аталмыш сапар Канаданың халықаралық сауда-экономикалық және гуманитарлы байланыстарында маңызды рөл атқаратын канадалық провинциялар мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты тереңдетудің болашағы зор екенін растады. Тараптар білім, энергетика, сондай-ақ Жаңа Шотландияның әлемдегі ең ірі теңізжайлардың бірі болып саналатын порттың қызметін қамтамасыз етудегі тәжірибесін ескере отырып, порттық басқару салаларында екі жақты ынтымақтастықты дамытуды мақсатқа сай келетінін атап өтті. Осыған орай Жаңа Шотландияның өкілдері Маңғыстау облысы және Ақтау қаласымен тығыз байланыстар орнатуға қызығушылықтарын білдірді», делінген хабарламада.
«Болашақ энергиясы» тақырыбына Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі Жаңа Шотландия іскерлік топтары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сапар шеңберінде К.Жигалов баламалы энергия көздерін жасап шығарумен белсенді айналысатын «Minas Energy» және «Kaizer Meadow» компаниялары кәсіпорындарына барды. Компаниялардың басшылықтары қазақстандық серіктестермен энергетикалық мәселелердің кең спектрі бойынша бірге қызмет етуге дайын екенін білдірді.