Владимир Зеленский Қазақстанмен бірлесіп медициналық заттарды Қытайдан Украинаға жедел жеткізу, сондай-ақ украиналықтарды отанына қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Украина Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Елшісі Дархан Кәлетаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды.
«Қазақстанның жаңа Елшісімен кездесу кезінде Украина президенті Дархан Аманұлы Кәлетаевты елдегі дипломатиялық жұмысының басталуымен құттықтады. Владимир Зеленский коронавирус пандемиясымен күрес Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды жандандыру процесіне кедергі келтірмеуі тиіс екенін атап өтті. Бұл ел – Орталық Азиядағы маңызды және уақыт сынынан өткен серіктесіміз», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Украина Президенті Қазақстанмен бірлесіп жүргізілген ұйымдастыру жұмысын жоғары бағалады. Бұл, Қытайдан Украинаға медициналық бүйымдарды жедел жеткізуге көмектесті. Онымен бір мезгілде екі елдің жүздеген азаматы отанына оралды. «Украина мен украин халқы мұны ешқашан ұмытпайды. Дос осындай қиын сәтте сыналады», – деп атап өтті Владимир Зеленский.