Бүгін атышулы Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, ол наурыздың 20-сында еліміздің бас санитар дәрігері қызметінен кеткен болатын.
«Мен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік санитар дәрігердің орынбасары болып қалдым», - деп мәлімдеген-ді сонда.
Қысқаша тоқтала кетсек, Жандарбек Бекшин 1958 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген. 1982 жылы Свердлов Мемлекеттік медициналық институтын «Гигиена, эпидемиология, санитария» мамандығы бойынша тәмамдаған. Медицина ғылымдарының кандидаты.