Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардан карантин режимін сақтауды сұрады. Ол өзінің Твиттердегі парақшасында індеттің шарықтау шегіне әлі жетпегенін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ, геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, ол дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілер мен волонтерлерге алғыс айта отырып, олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажеттігін ескертті.